13.07.2021
  156


Айсұлу Рүстемова‎

Өмірде көп қызық бар деме...

Өмірде көп қызық бар деме,
Жүрекке жайлы үн бір азық.
Көзіңмен іздейсің әлдене
Қалғанда көңілің құлазып.
Досым ба? Жалғыз ол, ежелгі.
Бармадым басқаға бас ұрып.
Үйрендім сезімім тежеуді,
Үндемей қалғаным асылы.
Қарадым мен тілсіз көгіме
Оқығым келді ме кескінін.
Қуанып самалды желіне
Көктемнің лебізін естідім...





Пікір жазу