13.07.2021
  214


Айсұлу Рүстемова‎

Наурыз

Тереземді ашайын - шуақ кірсін.
Ойым, санам әлемге құлақ түрсін!
Қайырлы таң, дүние, қайырлы таң,
Тұңғиық көк, менен не сұрап тұрсың!
Күннің асыл нұрына малынайын,
Кеше түнмен кеткендей бар уайым.
Наурыз келді, наурызбен Күн де келді
Күнім келсе мен неге тарығайын!
Қара Жерге қараймын, құр ойланам,
Шуақ сүйдім жүзінде нұр ойнаған.
Қайырлы таң, асыл Күн қасиетті
Келесің сен, келеді бір ой маған!





Пікір жазу