13.07.2021
182
Мойнымдағы орамалдың қызылын
Жүрсе білмей жеңілдігін тұзының,
Сәл ұқпаған, сезе алмаған ызыңын.
Елемейді екем тіпті, обал-ай
Мойнымдағы орамалдың қызылын.
Сөз қадірі, қаймағыңды қалқиын.
Қара бұлтты іше-іше сарқыдым.
Сағынышым сартап етті сананы,
Сары түстің кім ұғады салқынын?
Көгілдір шу, көгіс аспан, көп қысым.
Қарамысың, ей, тұңғиық, көкпісің?
Жоққа айналдырып жібере ме көп түстер,
Жердің көзі тірі әулие жоқшысын?
Ала қайғы алмаса да ала мұң,
Тауан қайтты.Таусылардай амалым.
Кешір мені, ұмытылған еріксіз,
Жасыл күннің жазығы жоқ жамалы...