13.07.2021
  163


Айсұлу Рүстемова‎

Қырда сен боп көрінеді көмескі із...

Бейіті Қарақұмда қалған бауырым Гүлсімге

...Күліп келіп
гүлді еске салдың да,
Мәнін таппай
Мәңгі кетіп қалдың ба?
Сенің сәби
саусағыңның дірілі-
Бейітіңді айнала
өскен шалғында...
Сезілсе де
сәуле - тәтті, жел- ессіз.
Менменсіген
Мына Сіз де елессіз.
Ай мен Күнге,
Аспан, Жерге айналдың,
Қырда сен боп
Көрінеді көмескі із...





Пікір жазу