13.07.2021
  114


Айсұлу Рүстемова‎

Қайта түсіп келеді күз де міне,

Қайта түсіп келеді күз де міне,
Жан ауырып жапырақ үзгеніне.
Сені іздеген ешқайсысы жоқ сияқты,
Сенің көңілің құлазып, іздеді не?
Ән тыңдадым... сезімді тілімдеді,
Үлпәтін-ай халқымның тіліндегі.
...Ірімін бе, мен көптің бірімін бе
Өз елімде жүргенде білінбеді.
...Ән тыңдадым, сезімді ол тілімдеді...





Пікір жазу