13.07.2021
  508


Автор: Сарыбаев Қаныбек

ТАҢ

Тәнтімін ғой біздің жақтың таңына,
Шапағына шомылды әлем тағы да.
Нұрын құйды, жырын құйды кең өлке,
Шалқып жатқан менің шалқар жаныма.

Нұрға бөлеп жердің бетін мың түрлі,
Тас төбеде алтын кірпік күн күлді.
Ұйқысынан оянған бір арудай,
Күміс шықтан моншақ тағып гүл тұрды.

Қандай сұлу алтын таңы даланың,
Қандай ғажап әшекейлі алабым!
Күнде көріп жүрсем-дағы мен бүгін
Таныс маңға таңырқана қарадым.





Пікір жазу