13.07.2021
344
УА, ОҢТҮСТІК
Уа, Оңтүстік, сенің ана құрсағың,
Мені туып тұтанды әне бір шамың.
Бауырым деп бал иісін ұсынды,
Халқың түгіл, белдегі оз жусанның!
Сырдың сұлу толқындарын құштым мен,
Қырдың қою қымыранын іштім мен.
Шыңдарына шығып күміс жалатқан,
Мөлдіреген аспаныңда ұштым мен.
Достарыңа гүл ұсынсам бауың боп,
Жыр төгемін жазғы жұпар жауын боп.
Дұшпаныңның қарсы алдыңнан қасқайып
Тұра қалам биік Қаратауың боп!
Мақта өсіріп, кендеріңді қазамын,
Күріш толы қолдарымды созамын,
Уа, Оңтүстік, сен туралы тарихты
Маңдайымның теріменен жазамын.