13.07.2021
556
ӨЛКЕМЕ
Кешегі құлазыған тақыр дала,
Туғызды талай-талай батыр, дана.
...Ал бүгін ару жайған кілемдей-ақ,
Жайнатып жасыл түгін жатыр дала.
Ғажайып тіршіліктің дарқаны көп,
Далаға таныс болып тарқады леп,
Шілдеде жауған қардай мақтасы үшін
Атадық «Ақ алтынның» алқабы деп.