12.07.2021
187
Қаздар ұшты көлсіз
Жыладың ба, күрсініп?
Шыны маған күмән.
Қабырғасы ырсиып,
Ақыл іштен тынар.
Күлдің бе екен менсіз,
Күмбірлеп ән кеудеңде?
Қаздар ұшты көлсіз,
Биік-биік. Шерменде...
Жұбандың ба дерексіз,
Өзіңді-өзің алдап?
Кейде ешкімге керексіз-
Қарайды өмір арбап.
Бәрі саған жарасты,
Кім қатесін көрген?
Ай-көрікті, адасты.
Мен де соған сенгем...