meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2021
  187


Айсұлу Рүстемова‎

Көңілге нұр тоқыдым

Адасқанның алды жөн,
Бар ма, білмен кешірім.
Армандарым салды дем,
Жөн бе, айтшы, осыным?
Құс та үнсіз ұшады,
Табиғатқа мың тағзым.
Мұңым жіпсіз тұсады,
Жылағаным - бұл да аз күн.
Ұрыстың ба - жоқ үнім.
Көзімді Күн кептірген.
Көңілге нұр тоқыдым,
Қалса дағы көп күннен.





Пікір жазу