12.07.2021
164
Күлкімді ой ұрлап
Сағыныш күбірлер: «Бірдеңе, бірдеңе...»
Сүлесоқ қараймын үлде мен бүлдеге.
Күлкімді ой ұрлап кеткен-ді,
Күні жоқ не деймін шілдеге?
Түсіме ауысып ойым мен түсінік,
Жүре алман Жерде көп жүрегім қысылып.
Өкшелеп қалмайды бір елес
У толы кесесін ұсынып.