12.07.2021
151
Керегі не тірліктің күйігінің?
Керегі не тірліктің күйігінің?
Мен -құммын, Жер - ананың түйірімін.
Жүрегім бе? Жап-жарық мәңгі нұрдан.
Беті - сәуле, өзегі- от, бүйірі - күл!
Саған ғана көңілім алаң, асық!
Сүйіп бір күн өмірге қара тасып!
Дүбірімен дүние өзіңдікі,
Қуанышым қайғыммен араласып!
Тебіренеді сезіммен теңселе Күн!
Сен отыңды сөндіріп көмсең, өкін!
Барша әніңді баурыма сиғызам да,
Бар деп айтам әлемді мен сенетін!