12.07.2021
168
Желдің де билігі жоқ
Таң атады, сейіліп қараңғы да,
Күн келеді, көңілді алаң қыла.
Жапырақтар ұшады тал басынан,
Жаз көйлегі тағы да тоналды ма?
Түнгі үнсіздік жоғалып, серпіледі.
У-шу оны бір демде-ақ өлтіреді.
Ең соңғы жапырақтар үлгермеген
Қара суық ұрған соң тентіреді.
Қараша мұздатады кісі демін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін.
Қарайып, қапы қалған жапырақтың
Көрдім мен қарда қалып, үсігенін.
Желдің де билігі жоқ, түсінемін...