12.07.2021
  106


Айсұлу Рүстемова‎

Бұлттан шыққан...

Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Мұратыңа жеткізбейді мұң деген.
Көңілдерде көлеңке бар кірлеген.
Өзгелерге не үйретсін ділмәрсіп
Шын мәнінде өз өмірін сүрмеген.
Көзіне айтсам деп жүруші ем көлгірдің.
Көз ұшында жол соқтырды.Болдырдым.
Қадір білер, қасиеттім осының
Түбі қайыр боларына сендіргін!..





Пікір жазу