12.07.2021
  149


Айсұлу Рүстемова‎

Бұлдыр күн

Жанбай жатып сөнген кім,
Ерегісті енді-ендің.
Жалмайтындай сұрақтар,
Жауап іздеп сенделдім.
Ұшындамын ұшардың,
Бұлдыр күнге тұсалдым.
Күлкім, сені құп алмай,
Өзім тілеп, құса алдым.
Үй алдында - қуаныш,
Әрнәрсені сұрағыш.
Бақыт мені мазақтап,
Жақын және жүр алыс...





Пікір жазу