12.07.2021
177
Жалықтым
Саңылауын көре алмай жарықтың
Қараңғы Мәскеуден жалықтым.
Анамнан алыста қамықтым
Қызы едім қазақтың, халықтың.
Тырнағын бұл тағдыр салып тұр.
Ақыл-ой, төзімді сарықтым.
Ауылға жетем бе бір күні
Алдымнан шыға ма ел, алып Күн?
Көзімді ақша қар қарып тұр,
Жүрегім ауырып, жанып жүр.
Бауырға оқ атқан жауызға
Не деймін? Көңілім қалып құр...
Күншығыс, Күншығыс, Күншығыс.
Қанымда еліме құлшыныс.
Шарттылық жанымды жейді де
Қаламын қайтадан тым-тырыс.
Кей-кейде көзіме жат менің,
Күндегі тірлігім, сәттерім.
Өзіңе жете алмай қанша жол
Жүремін мен әлі дәптерім?