12.07.2021
218
Байқоңырда
Тереңге тартып барады мені бір тылсым,
Айта алмай қалсам қызыл да тілім қырқылсын.
Қорқыттың күйі баурайды мұңды сезіммен,
Лықсыған ойлар жарыққа солай ұмтылсын.
Нота жаттамай, әуезін ұқтың даланың.
Домбыра, қобыз - құлағында ойнап. Шанағын
Жүрекпен сезіп, тебіреніп сонау Қорқыттан
Күй тартып бердің, аман да жүрші, қарағым...
Жарықтың жалған екенін және білген бе?
Қорқыттай баба, Жақыпбай әкем іргеңде.
Жақсылық дегенді сезінбей кеткен жанды ая,
Жарық дүниеде сұраусыз өмір сүргендей.
Байқоңыр Қорқыт күй Домбыра қобыз Айсұлу Рүстемова шығармашылығы Айсұлу Рүстемова өлеңдері Айсұлу Рүстемова