12.07.2021
150
Ауыл
Таң алды. Дала. Қысы лаң.
Тілдесем түнгі көп ізбен.
Ұйқыда ауыл.Тұсынан
Өтіп барамын поезбен.
Жалғыз шам анау сөнбепті.
Сәлемдеседі түн қойны.
Бірдеңе десең нең кетті,
Іледі қиял ілкі ойды.
Көресі нендей көрмеген,
Сонда да деймін өр еді.
Жарығы жалғыз сөнбеген
Шуаққа қанша бөледі.
Шалқыса деп-ем оттарың,
Көзіне әлем ілмейді.
Байлықтың барын тоқтамы
Көкірегі соқыр білмейді...
...Таң алды.Дала. Қысы лаң.
Тілдесем түнгі көп ізбен.
Ұйқыда ауыл.Тұсынан
Өтіп барамын поезбен.