meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2021
  173


Автор: Ақтан Керейұлы

Бөкен тонын жамылса

Бөкен тонын жамылса,
Көкірегі қабынса,
Теріс қабаққа бағынса,
Ажалы жеткен майталман,
Көп ұзамай табылса,
Бұл - сұр мергеннің реті.
Ер жігіт елін меңгерсе.
Жетімдерге жем берсе.
Жесірлерге жер берсе,
Алдыңда тентек жөнделсе,
Әділдігін ел көрсе,
Бұл - азаматтың реті.





Пікір жазу