12.07.2021
  102


Автор: Ақтан Керейұлы

Азғын тартар қаз бен қу

Азғын тартар қаз бен қу,
Суалса айдын көлдері.
Өзеннің бойы құлазыр,
Жайлаған кетсе елдері.
Тиянақ кетер дариядан,
Бұзылса шалқып сендері.
Дарияға кеме жүзе алмас,
Құрсаулы кетсе щеңбері.
Айдынды туған ер жігіт,
Кемшілік табар майданда,
Семсері кетсе белдегі.
Нұрқасым, Қорек заманда,
Ниеті таза, көңілі хат,
Жаралған абзал пенде еді.
Айран болады екен ақылың,
Қолыңнан кетсе сенгенің.





Пікір жазу