12.07.2021
177

Атығайдың елінің адамдарына айтқаны
Атығай қайран елім, қоныстасым,
Бар еді, құрбы-құрдас, шын мұңдасым.
Құданың құдіретімен уақыт жетті,
Барады алыс жолға ғарып басым.
Сәлем айт, Атығайдың баласына-ай,
Жасы кіші, жасы үлкен ағасына-ай.
Ортаңда түрлендіріп ән салғанда,
Біржанға қалушы еді таласып-ай.
Сәлем айт, құрбы-құрдас замандасқа,
Көп еді мұңдастарым ауылдаста.
Саулықта ойнап-күліп жүретұғын
Мұңшылдық түсіп тұр ғой ғарып басқа.
Қазғанмен су шықпайды қыр басынан,
Бір іліксе сөз қалмайды сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса оңалмайды,
Басында жаңылған соң тау басынан.
Атығай ел сәлем замандас Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері