12.07.2021
149
Алтын қызға
Алтынжан, сен де Керей, мен де Керей,
Ән салсам бүлкілдейді айыр көмей!
Алтынжан, домбыраңды маған берші,
Тағы да істеп берер арық Керей.
Алтынжан, домбыраңды сұрағаным,
Домбыраң маған тіпті ұнағанын.
Құбылтып неше түрлі әнге қоссам,
Қояр еді жас бала да жылағанын.
Алтынжан, домбарыңды берсең маған,
Риза боп жүрер едім мен де саған.
Дәм жазып бір жат елге бара қалсаң,
Еске алып, барып жүрер Біржан ағаң.
Алтын қыз қыз ән Домбыра Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері