12.07.2021
177

Пар жектім
Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уәғада еткен келдім жетіп.
Уәғадан, өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер өтіп.
Қарағым, қарақаттай — көз жанарың,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жармеңке — жас уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарың.
Пар жектім жәрмеңке базар Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері