12.07.2021
145
![](/uploads/shorttexts/author_image/20190226163437928-small.jpg)
Орынтай
Дегенге Орынтай-ды, Орынтай-ды.
Қыздардан биыл менің жолым тайды
Қолымды Орынтайға бір жеткізсең,
Берер ем жеңгелікке торы тайды.
Ғашықпын бір өзіңе, Орынтайым,
Басқаны жолда тұрса не қылайын!
Ойымнан жатсам-тұрсам бір кетпейсің,
Жолыңа сәруәр еткен бір құдайым.
Орынтай, сен бір күн — нұр естен кетпес»
Сен үшін не болсам да уақа етпес.
Жолыңа шашсам-дағы дүние малын,
Сонда да, Орынтайым, қолым жетпес.
Орынтай қыз Ғашықтық Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері