11.07.2021
198
Жайма-шуақ
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Ғұмырың аз ба, көп пе, әлде қанша?,
Қайырмасы:
Өттің жалған, кештім сайран.
Уә шіркін қыз бала-ай!
Жастықтың әсерімен еттім сайран!
Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Ән салмағың қайда еді-ау Ләйлім шырақ!
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп,
Біржан салған ән екен «Жайма-шуақ».
Қайырмасы:
Жайма-шуақ ән Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері