11.07.2021
187
Орынбор
Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық.
Бозбала, басқа білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан орынборлық.
Қолыма алып бердің, қу қарағай,
Не болды даусым саған сарғанамай.
Күлмеймін, ойнамаймын десем - дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай.
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тартқан жерде.
Қолға алып әрлі - берлі тартқанымда,
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге.
Орынбор ән Домбыра дауыс Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері