11.07.2021
168
Көлбай - Жанбай
Аржақта отыратын Көлбай - Жанбай,
Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай?
Балағы шідерімнің алтын еді.
Асығыстан барамын сұрай алмай.
Көлбай - Жанбай, тыңдашы, асыл тасым -
Біте қайнап, бірге өскен замандасым.
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған өзіңнің қарындасың.
Сегіз би сиезіне бердім жөнге,
Шідерімді таң қалар көрген пенде.
Шідерімнің бағасын сұрасаңыз,
Бағасы болады оның жүз мың теңге,
Көлбай - Жанбай, дегенге, асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп,
Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек.
Көлбай Жанбай Шідер замандас Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері