11.07.2021
165
Жамбас сипар
Ұшына орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көк алалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән еді Біржан салған "Жамбас сипар".
Деген соң, біз қартайдық, біз қартайдық,
Белгілі қартайганның серттен тайдық.
Қанекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.
Берген соң, тәңірім өмір, ақ бас болдық,
Келін мен балаға да жақпас болдық.
Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,
Таппайтын адам ебін қақбас болдық.
Жамбас сипар ән Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері