11.07.2021
186

Ақсеркеш
Бір атты сатып міндім елу беске,
Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке.
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке".
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ - талайын?
Жиылып үлкен - кіші отырғанда,
Толқытып "Ақсеркешке" мен салайын.
Жем жейді қара арғымақ түрт дегенде,
Аяғын жекей басар қық дегенде.
Жерлерге үш айшылық болады азық,
Аузынан жан қалқаның үп дегенде.
Ақсеркеш бәйге ат Біржан сал Қожағұлұлы Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығы Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері