11.07.2021
348
Құлпырады жасыл көктем
Гүл жамылған жатыр дала
Қиқу салып құстар келген.
Көлде. ойнаған ақ шағала
Қанатына шаттық ерген...
Шырқайды қыз егін жайда,
Келтіріп бір әннің нашын.
Тербейді жел қоңыр, майда,
Жаңа шыққан дәннің басын...
Нажағайлар бұлтты сөгіп,
Құяды кеп жаңбыр көктен.
Миллиардқа нұрын төгіп
Құлпырады жасыл көктем.