11.07.2021
230
Сауыншы жеңгейдің әні
Сауыншымын әйгілі бұл ауылда
Төл өсірген қақтырмай қар, жауынға.
Сиыр сауып қатардан озып шығып,
Дайын тұрмын көрмеге мен баруға.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалың көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Кең өріске жерім сай!
Құлпырған, кең өріске
Жерім сай.
Дара шыққан талай дос - замандастан
Жақсың бар ма дәл бүгін менен асқан?
Бір көруге құмартып бұл жеңгейді
Мен естимін, жігіттер бар - таласқан.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалын, көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Тыңда көрген осы қыз —
Тракторшы әйгілі.
Миллиардтан биыл күз
Алмақ озып бәйгені.