11.07.2021
  445


Автор: Төлеген Айбергенов

Ақ ерке — жайық

Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.
Жаным-ау дара туған,
Ағыстардан жаратылған.
Жайықтың жағалай тал жағасынан
Қымбаттым,
Сен мағанда
Тіл қаттың.

Қайырмасы:
Өзіңсің жаным,
Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толықын тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббатым,
Алқызыл алаулы таңдарым.

Айдыным шалқыған бір
Дидарында толқыған нұр.
Мен сені көрдім,еркем,
Ерке теңіз
Аспанға
Маржандар шашқанда.
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың.
Жанымды нұрландырып,
Сенің шолпан
Жанарың
Алаулап барамын.

Қайырмасы.
Бір сәуле күлімдеген
Жанарыңнан дірілдеген.
Сен сені балықшының
Арманынан,
Жан сәулем,
Іздеймін аңсаумен.
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығымм,
Ақ еркем,
Аңсаған ән өлкем.

Қайырмасы.





Пікір жазу