11.07.2021
410
Маңмаңгер
Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер халық әні Ақан Сері Қорамсаұлы Ақан Сері Қорамсаұлы шығармашылығы Ақан Сері Қорамсаұлы өлеңдері