11.07.2021
296
![](/uploads/shorttexts/author_image/url-5smchsm.jpg)
Балқадиша
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
Балқадиша халық әні Ақан Сері Қорамсаұлы Ақан Сері Қорамсаұлы шығармашылығы Ақан Сері Қорамсаұлы өлеңдері