11.07.2021
  349


Автор: Ақан Сері

Әудем жер

Әудем жер жүре алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім,
Кәрілік келіп қалды қай жағымнан.

Сәулем-ай, а-ау, уаһау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қалу-қалу қала ләлу,
Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау.

Әудем жер жүре алмаймын белім ұйып,
Кім тілер кәрілікті жанын қиып.
Тиынды біреу берген олжа көріп,
Жүремін жас кісідей дүние жиып.

Сәулем-ай, а-ау, уаһау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қалу-қалу қала ләлу,
Қалала, лаллу ей, еһей ей-ей-ау.





Пікір жазу