11.07.2021
199
![](/uploads/shorttexts/author_image/url-5smchsm.jpg)
Кәрілік
Дүниенің мысалы,
Бұтаққа қонған сауысқан.
Ұшып жүріп шықылықтап,
Өлексе жеп тауысқан.
Келеріңде сұлусың,
Ғашықтай боп қосылған.
Кетеріңде қызыл түлкісің
Шошыған қатты дауыстан.
Бір қалыпта тұрсаң не етеді?
Кетесін шығып уыстан.
Ақырында кісіні
Шал етесің құрысқан.
кәрілік дүние шал Ақан Сері Қорамсаұлы Ақан Сері Қорамсаұлы шығармашылығы Ақан Сері Қорамсаұлы өлеңдері