10.07.2021
  773


Автор: Асаба (тамада)

Қатындар туралы

Радиода батыр Баукен туралы бағдарлама жүріп жатыр. Мүйізі қарағайдай бір жазушы, ақын ағамыз кезінде Баукенмен талай кездескен екен. Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кездесуде Бауыржан Момышұлына сөз беріледі. Батыр сахна ортасына шығып, жиналған көптеген әйелдерге бір сәт қарап тұрып былай депті:
- Ей, қатындар! Қа-тын-дар! Қатын екендеріңді еш уақытта бір сәтке де ұмытпаңдар! – деп орнына отырыпты.

Бағдарламанын екінші жартысы осы сөздің даналығына арналды. Қатындардың бірінші кезекте күйеуінің жары екенін, бала-шағаның анасы мен тәрбиешісі екенін, үйдін жылуы мен жарығы екендігі туралы әнгіме жүрді. Бірақ Батыр осының бәрін қысқа түрде айтқанына ағамыз ризашылығын білдірді. Шынында да.





Пікір жазу