10.07.2021
  2134


Автор: Асаба (тамада)

Тектiден қыз алсан

Тектiден қыз алсан
Ошағың сөңбейдi
Жиыңнын iшiнде
Сөзiңдi бөлмейдi
Тексiзден қыз алсан
Басыңа өрлейдi
Санасыз, сабырсыз
Айтқаңға көңбейдi
Қатынды есiктен
Баланы бесiктен
Тәрбие қылмасан
Боласын кешіккен
Жаман ат келтiрме
Аяулы Анаңа
Тоғыз ай көтерiп
Әкелген жалғанға
Қаттырақ тіл қатпа
Әкеге, Анаға
Жүрегін ауыртпа
Қашанда бағала
Сынақтан сүрiнбе
Түңiлме,бүгiлме
Сан өткел тұрсада
Алдыңда күнiге
Байлыктың соңынан
Қуалап жетпейсiн
Мандайга жазгаңнан
Кұтылып кетпейсiн





Пікір жазу