10.07.2021
  190


Автор: Айтуар Өтегенов

Жаңылхан Жұмырқызына

Жаңылхан Жұмырқызына

Жан анам,
Аяулы анам,
Асыл анам,
Мен қалай сезімді бұл жасыра алам.
Бұл балаң – асау әлі арындаған,
Бұл балаң – тасқын әлі тасымаған.
Жастықтың күмбірлетіп күйін алып,
Маздаған махаббаттың сыйын алып.
Бұл балаң – жүреді үнсіз көбіне-көп,
Бәр-бәрін кеудесіне құйып алып.
Өмір – теңіз толқынын кешіп келем,
Бұл балаң сапарынан кешікпеген.
Жан ана, менің үшін алаң болма,
Өзге емес, өз жолыммен өсіп келем.





Пікір жазу