10.07.2021
  191


Автор: Айтуар Өтегенов

Ана

Аналарды құрметте дос, ана деген ұлы есім,
Бар тірліктің сол анадан жаралғанын білесің.
Жетпейді оның бергеніне, бар байлығың, үлесің,
Аналарды құрметте дос, ана деген ұлы есім.
Аналарға бас иіп өт, кездескенде ең кемі,
Мен айтпай-ақ қояйыншы, мейрімінен өңгені.
Ардақтаңдар , о, достарым, ардақтаңдар ананы,
«Маңдайыма кірсін дейтін, саған кірген шөңгені».
Жүрегі оның кешірімді, ізгілікке толы ғой,
Сыйпайтұғын маңдайыңнан, сол ананың қолы ғой.
Қамыңды ойлап жүреді-ау, ол есейгенде сен үшін,
Күдікке де, сенімге де толып ой.





Пікір жазу