10.07.2021
  165


Автор: Айтуар Өтегенов

Әке сөзі

Жолдар,
Жолдар қилы-қилы бұралған,
Қандай жолдар сені күтіп тұр алдан.
Өмір деген, өмір деген балам-ау,
Сан жолдардың қоспасынан құралған.
Жолдар, жолдар қилы-қилы шатқалаң,
Жолда жатқан оңай бақыт жоқ, балам.
Орта жолда белестерден аса алмай,
Жете алмайды мақсатына, тоқтаған.
Алда құшақ жайып жатса гүл өңір,
Адам үшін қайғыра біл, күле біл.
Жол үстінде кездесесің бәріне,
Кейде тәтті,
Кейде ащы бұл өмір.





Пікір жазу