10.07.2021
170
Тербетті де сезімнің күйі балғын
Тербетті де сезімнің күйі балғын,
Мен алғаш қыз ернінен сүйіп алдым.
Махаббат оты ма едің, жас жүректің,
Махаббат шыңы ма едің биік ардың.
Қағып қиял қанатын биікке тым,
Өртеніп баратқандай күйіп бетім.
Менің тұнық көңілімді шайқап өткен,
О, қаракөз, сен неткен сүйікті едің.