meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2021
  212


Автор: Айтуар Өтегенов

Таусылмайтын қызығы

Таусылмайтын қызығы,
Дейді аңыздың үзігі...
Басқарыпты ғаламды,
Сүлейменнің жүзігі.
Өлі менен тірінің,
Қолында екен тізімі.
Үзілмеген бағында
Пейіштің алма, жүзімі.
Жақсы менен жаманның,
Бұзылмаған сызығы.
...Сыртта ызғырық күз үні.
Керек болды мағанда,
Сүлейменнің жүзігі...





Пікір жазу