10.07.2021
  280


Автор: Айтуар Өтегенов

Оралар ма өткен күн

Оралар ма өткен күн,
Гүл майсалы көктемнің
Кезі еді.
Тасып жатты,
Арнасынан асып жатты,
Әшейінде моп-момақан
Жем өзені.
Ақсәулеме ғашықпын мен,
Кездесуге асықтым мен.
Тағат таппай күтетінін оның да
Ішім сезеді...





Пікір жазу