10.07.2021
  162


Автор: Айтуар Өтегенов

Коммунизм

Коммунизм...
Ол идея күйреді,
Капитализм...
Елді қайта биледі.
Комунистер – ел тірегі бұрынғы,
Шыға келді буржуой боп жырынды.
Меншік,
Меншік,
Меншік үшін қырқысу.
Жағаларды жыртысу.
Абыр-сабыр, әркімде бір жанбағыс,
Әр қоғамда, өзіндір бар дағдарыс.
Оқиғалар...
Таңдандырды тап мені,
«Коммунизм идеясы» тәтті еді.
Барлығы тең қоғамда,
Тап күресі жоқ онда.
Қабілетіңе, еңбегіңе қарайтын,
Маған,
Саған,
Оған да.
Асты-үстіне түсіп жатқан дүние,
О-о, Кең Алла!





Пікір жазу