meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.07.2021
  193


Автор: Айтуар Өтегенов

Өмірден көргені кіл азап

Өмірден көргені кіл азап
Болса да,
Мұңаймай бұ қазақ
Келеді,
Үмітін үзбеумен,
Бақытын іздеумен.
Сол бақыт – әрі нұр, әрі ізгі,
Арбайды ақ сағым тәрізді.
Қусам да жеткізбей қашады,
Тұлпармен шұбалған шашағы.
Ырзығым мол екен,
Төгілген көл екен.
Әйтеуір
Достарым ырза боп кетеді,
...сол маған жетеді...





Пікір жазу