10.07.2021
  144


Автор: Айтуар Өтегенов

Мидағы

Мидағы–
Клеткалар ақпараттар жинағы.
Ашылуда құпиясы дүниенің,
Алла берген сый бәрі.
Жер – Анамыз екен құттай шар ғана,
Түкпірі жоқ бүгін адам бармаған.
Басқарылар бәрі–бәрі бір қолдан,
Бұрын болған біреулерге арма – ән.
Кең ғой десем, бұл дүние тар екен,
Қуаныштан қайғысы көп, зар екен.
Бірақ бәрін бітістіріп жіберер,
Ақыл,
Сана,
Берекем.
Демей адам: «Құшағыма сыймады»,
Артылса да өзгелерге қимады.
Қызғаныштан, мешкейліктен ада бір,
Басқарса екен барлар ғана иманы.





Пікір жазу