10.07.2021
162
Отанымның жауына ор қазам, – деп
Отанымның жауына ор қазам, – деп,
Тарихтың жарқын бетін жазам, – деп,
Лақылдаған оққа ұшты, жас дәурен,
Лапылдаған отқа түсті, жас дәурен.
Демейтұғын күшім бітіп таусылды ой,
Жастық деген батыл болар маусым ғой.
Замандас–ау, осы шақта,
Бір лапылдап көрмесең,
Қарыздарсың аяулы Отан, елге, сен!