10.07.2021
197
Жауыңнан еш ығыспа
Жауыңнан еш ығыспа,
Қорқынышты тіпті ұмыт.
Солдаттарға ұрыспа,
Ең керегі – мықтылық.
Жауыңмен еш ұғыспа,
Арыңды ойла Отандық.
Солдаттарға ұрыста,
Ең керегі – қаталдық.
Құлата алмас тауыңды,
Оны осал деп ойлама.
Жеңу үшін жауыңды,
Керек және айла да.
Командирдің бұйрығы,
Аманаты Отанның.
Сондықтан да сыйлы ол,
Сондықтан да қатал тым.
Жараланып ауырмен,
Қалсаң да жау торыңда.
Болсаң нағыз жауынгер,
Сол бұйрықты орында.
Тосып өлім – «сыйлықты»,
Қиын-қиын жол жатсын.
Орындасаң бұйрықты,
Міне, сонда солдатсың.