10.07.2021
174
Сәулелі достық мендегі тілек
Кек пенен ызаны оқ қылып ататын,
Солдаттар майданда қансырап жататын.
Ыңырсып, күрмеліп әрең тіл қататын,
Соғыстың апатын,
Көргем жоқ.
/Көру үшін де өмірге келгем жоқ/.
Бірақ, мен жауыздық, тағылық ісімен,
Тарихта қалдырған өшпейтін ізімен.
Естумен, аяғы, қолы жоқ кісіден,
Түсінем.
О, менің киелі мекенім,
Соғыстың құнының не екенін.
Қайтадан сол өртің жанбасын,
Жүректер шаттықты толғасын.
Сұм қайғы басқа кеп қонбасын,
Армандар солмасын, -
Деп ұлың тапжылмай қырағы,
Ей, Отан, күзетінде тұрады.
Достық тілек солдат соғыс майдан Айтуар Өтегенов Айтуар Өтегенов шығармашылығы Айтуар Өтегенов өлеңдері